Вторник, Октябрь 15, 2019
Басты > Жаңалықтар > Филология факультеті жұмыс берушілермен кездесті

Филология факультеті жұмыс берушілермен кездесті

2019 жылы қаңтардың 18-і күні университеттің  филология факультетінің жұмыс берушілермен бірлескен кеңейтілген мәжілісі өтті.  «Филология» мамандығы бойынша  «Ақтөбе-медиа» ЖШС директорының орынбасары Р.Дарбаев,  Ақтөбе гуманитарлық колледжі МҚКҚ директорының оқу –әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Б.М.Жамекова, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша №13 орта мектбінің қазақ тілі секциясының жетекшісі А.Зиноллаева, №51 мектеп-гимназиясынан К.Төрезақ және үш тілде оқытатын №21 мектеп-гимназиясының өкілдері, «Орыс тілі мен әдебиеті», «Цифрлық лингвистика» мамандықтары бойынша №23 орта мектеп-лицейінен У.Ашықбаева, №30 орта мектебінен Э.Н.Искакова, №16 орта мектебінен М.В.Киянова және №17 орта мектеп-гимназиясынан Л.Хабарова  қатысты.

Жұмыс берушілер өздері ұсынған пәндердің құзіреттілігіне тоқталып, студенттердің болашақта  бәсекеге қабілетті кәсіби маман болып қалыптасуына әсері туралы айтып өтті. Кафедра меңгерушілері Айгүл Айтбенбетова, Айжанна Жуминова, Айнұр Кушкимбаева өз кезектерінде алдағы оқу жылына арналған  модульдік білім беру бағдарламаларын ұсынды. Сонымен қатар факультеттің кеңейтілген мәжілісіне қатысқан оқу және оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры Бибігүл Әбенова мен  оқу процесін ұйымдастыру департаментінің директоры Сабырғали Бишекен де көтеріліп отырған мәселеге байланысты өз көзқарастарын білдірді.

Динара БЕКНИЯЗОВА, 

филология факультеті