Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Хабарландырулар > Түркияның Кастаному университетімен келісім

Түркияның Кастаному университетімен келісім

Халықаралық ынтымақтастық орталығы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қ. Жұбанов АӨМУ және Түркия Республикасының Кастамону Университеті арасында «Мевлана» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша келісімге қол қойылды. «Мевлана» академиялық ұтқырлық бағдарламасы Түркия Республикасының жоғары білім кеңесі тарапынан жартылай қаржыландырылып Түркия университеттері мен Қ. Жұбанов АӨМУ арасында студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын қарастырады. «Мәулана» алмасу бағдарламасының гранттары білім алушыларға бір семестр тегін білім алуға, ай сайын «Мәулана» стипендиясын алуға мүмкіндік береді. Транспорттық, визалық және жатын орын шығындары үміткердің өз есебінен төленеді. Түркия Республикасының Кастамону университетінен бөлінген гранттар туралы толық ақпарат қосымшада көрсетілді.

Конкурсқа қатысушы үміткерлер құжаттары 2019 жылдың 25 қаңтарынан кешіктірілмей тапсырылуы тиіс.

Халықаралық ынтымақтастық орталығының

халықаралық бағдарламалар бөлімі

 

Қосымша

Қ. Жұбанов Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Халықаралық ынтымақтастық орталығы

 Түркия Республикасы Кастамону университеті

ұсынған гранттар туралы мәлімет

(2019-2020 оқу жылы)

 

Мамандықтар атауы Бакалавр Магистратура Докторантура Студенттер саны Мерзімі (Ай)
Студенттер
1 Электроника және телекоммуника 1 1 1 3 4
2 Көлік және механика инженерия 1 1 1 3 4
3 Радиоэлектроника және энергетика 1 1 1 3 4
4 Қаржы және менеджмент 1 1 1 3 4
5 Экономика және есеп 1 1 1 3 4
6 Информатика 1 1 2 4
7 Педагогика және психология 1 1 2 4
8 Математика және информатика 1 1 1 4
9 Тарих 1 1 2 4
10 География және экология 1 1 2 4
11 Жалпы биология 1 1 2 4
12 Химия және химиялық технологиялар 1 1 2 4
13 Компьютер ғылымы 1 2 4
14 Ауылшаруашылығы 1 1 4
15 Орман шаруашылығы 1 2 4
16 Әлеуметтану 1 2 4
17 Туризм 1 2 4
                                                                       Оқытушы
Мамандықтар атауы Оқытушылар саны

Кезеңнің жалпы ұзақтығы

(Семестр)

Апталық дәріс сағаты
1 Электроника және телекоммуника 1 2 8
2 Көлік және механика инженерия 1 2 8
3 Радиоэлектроника және энергетика 1 2 8
4 Қаржы және менеджмент 1 2 8
5 Экономика және есеп 1 2 8
6 Информатика 1 2 8
7 Педагогика және психология 1 2 8
8 Математика және информатика 1 2 8
9 Тарих 1 2 8
10 География және экология 1 2 8
11 Жалпы биология 1 2 8
12 Химия және химиялық технологиялар 1 2 8
13 Компьютер ғылымы 1 2 8
14 Ауылшаруашылығы 1 2 8
15 Орман шаруашылығы 1 2 8
16 Әлеуметтану 1 2 8
17 Туризм 1 2 8