Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Азат елдің ар-намысы – Ата заң

Азат елдің ар-намысы – Ата заң

Осындай тақырыппен 2017 жылдың 29 тамызында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің мәжіліс залында 30 тамыз – Конституция күніне орай дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге университеттің бірінші проректоры Қуанышбек Шүңкеев, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров, профессор-оқытушылар құрамы, факультет декандары мен аймақтық БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барысында университеттің профессор-ғалымдары баяндама жасап, Ата заң жайындағы салиқалы ойларымен бөлісті. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.С.Жумаганбетов «Конституция және оның тарихи даму кезеңдеріндегі мән-мазмұны» тақырыбындағы баяндамасында Ата заң тарихының тереңде екендігін, қазақ мемлекеті пайда болғаннан бастап, өз кезеңінің заңдылықтары қалыптасқандығын тілге тиек етті.

Сонымен қатар жиын кезінде тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.Т.Маден «Қазақ халқының Ата заңдарының тарихы», заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Ж.Досов «Конституция – тұрақтылық кепілі», «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде еріктілер қатарында қызмет еткен университетіміздің 4 курс студенті А.Жанабаев «Тәуелсіздік жемісі» тақырыптарында баяндама жасады.

Жиналғандар жасалған баяндамаларға орай ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.