Вторник, Март 19, 2024
Басты > Білім > Ақтөбедегі мемлекеттік университет білім берудің өңірлік хабына айналады

Ақтөбедегі мемлекеттік университет білім берудің өңірлік хабына айналады

Онда жастарды интеллектуалды және шығармашылық дамытатын, сондай-ақ кәсіпкерлік негіздерін үйретіп, студенттердің стартап-жобаларына қолдау көрсететін орталықтар ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бизнес мектебіне танымал кәсіпкерлер келіп, шеберлік сағаттарын өткізеді. Бұл орайда «Алматы менеджмент университетімен» бірлескен жобаларды іске асыру жоспарда бар. Жалпы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті 40 елдің жоғарғы оқу орнымен меморандум жасап, «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша студенттермен алмасады. Сосын жоғарғы оқу орнына Германия, Америка, Болгария,Түркия мен Ресей ғалымдары тәжірбие алмасу үшін жиі келеді. Университеттегі инновациялық технологиялар паркінде де қолға алынған ғылыми жоба көп.

Бауыржан Ердембеков, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ректоры:

— Алматы менеджмент университетінің басшылығы келіп, біздің университетпен байланыс жасап жатыр. Стратегиялық партнер ретінде, әріптес ретінде. Бұл дегеніміз, болашақтағы агломерцияға айналып отырған Ақтөбе өңірінің арғы даму стратегиясын жасауда біздің Жұбанов атындағы университет осы жерде белдеу болу керек деп ойлаймын. Жастардың ары қарай өркендеп-өсуіне үлкен септігін тигізетін үлкен жобаларды қолға алып жатырмыз. Бұл ертеңгі күні үлкен нәтиже береді деген ойдамыз.