Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ғылым саласындағы сыйлықтарға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға ие болу үшін жұмыстарды қабылдау басталды

Ғылым саласындағы сыйлықтарға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға ие болу үшін жұмыстарды қабылдау басталды

ҚР Білім  және  ғылым  министрлігі ғылым  мен техниканы  дамытуға  қосқан үлестері  үшін ғалымдарды, ғылыми  ұйымдардың ғылыми қызметкерлерін ынталандыру  мақсатында   ғылым саласындағы сыйлықтарға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға ие  болу үшін  жұмыстарды қабылдай  бастағанын хабарлайды.

Биылғы  жылы ғылым саласындағы  сыйақыларға, мемлекеттік  ғылыми стипендияларға  ие  болу  үшін жұмыстарды  тұрғылықты  жер  бойынша ХҚКО арқылы тапсырыс беруге  болады.

 жаратылыстану  ғылымдары  саласы  бойынша үздік  ғылыми зерттеуге Қ.И.Сәтпаев  атындағы   бір  сыйлық;

қоғамдық  ғылымдар саласы  бойынша үздік  ғылыми зерттеуге Ш.Уалиханов атындағы бір сыйлық;

  • үздік ғылыми  зерттеу  мен  педагогика  саласы  бойынша жұмысқа Ы.Алтынсарин  атындағы бір сыйлық;
  • түркітану  саласында жеткен   табыс үшін Күлтегін атындағы бір  сыйлық;
  • жаратылыстану  ғылымындағы  үздік  жұмысы  үшін жас  ғалымдарға  арналған Д.А.Қонаев атындағы бір сыйлық;
  • қоғамдық ғылымдар  саласындағы үздік жұмысы  үшін жас  ғалымдарға  арналған М. Әуезов атындағы бір сыйлық;
  • 75 мемлекеттік  ғылыми  стипендия, оның ішінде 50-і дарынды жас ғалымдарға  арналған;

Мемлекеттік ғылыми стипендиялар мемлекет   үшін  басым  бағыттарда  белсенді түрде  іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізген,  ғылым  кадрларын  даярлаған ғалымдар  мен  ғылыми  қызметкерлерге, ғылыми мәселелерді шешу бойынша белсене  қатысатын және ғылыми   ортада  мойындалған, 35жасқа  толған   талантты жас ғалымдарға беру  ұйғарылды. Байқау  материалдары авторлардан тұрғылықты  жерлері  бойынша  «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік  корпорациясына» (бұрынғы халыққа  қызмет  қөрсету  орталығы) 2017 жылдың 28 қыркүйегіне  дейін   қабылданады.  Қазақстанда ғалымдар атаулы  сыйлықтармен  2010 жылдан  бері марапатталып келеді. Жыл  сайын алты  ғалым марапатталып, 2018 жылдың қазан айына  дейін ай  сайын төленетін 75 мемлекеттік  ғылыми стипендия тағайындалады.

Былтырғы  жылы  Қазақстанның  барлық  түпкірінен мемлекеттік  стипендия алуға үміткер  ғалымдардан 75 тапсырыс  түсті. Республиканың Білім  және  ғылым министрі  Ерлан Сағадиев 7 көрнекті  ғалымды — Рәтбай Мырзақұлов, Майнур Бөрібаева, Гүлнас Ахметова, Күләш Нұрұмжанова,  Максим Здоровец, Ольга Андрющенко және  Нұркен Күзембаевты ғылым  саласы  бойынша мемлекеттік сыйлықпен  марапаттады.

edunews.kz