Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбеде стартап академиясы ашылды

Ақтөбеде стартап академиясы ашылды

Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университеті жанынан ашылған орталық жастарды бизнеске баулиды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бұл жерде инновациялық жобалар жасалатын көрінеді. Cтуденттердіңқызығушылығы жоғары. Оған дәлел, аталған оқу орнының студенттері бұған дейін де стартап байқауларға белсенді қатысып жүрді. Мысалы, ағаш үгіндісі мен пластиктен экологиялық отын жобасын жасаған осы университеттің студенті болатын.

Айта кету керек, байырғы университеттің қай жағынан да базасы өте бай. Жастар жылының алғашқы айында ашылған стартап академиясы студенттердің дамуына мол мүмкіндік береді. Олардың инновациялық жобалары қолдау тауып, идеялары іске асады. Әбден аяқтан тұрып, кәсібін дөңгелетіп әкеткен кәсіпкерлер шеберлік сағаттарын өткізеді. Әр салада жетістікке жеткен жастар мотивациялық сессиялар ұйымдастырады. Одан бөлек халықаралық қатынастар аясында шет елдерден мамандар шақыру да жоспарда. Жалпы, құлшынысы бар әрбір жас осы жерде көмек алады.

Яғни академияда бизнестің қыр-сырын үйретуден бөлек құқықтық көмек те көрсетіледі. Жастар ойға алған ісін соңына дейін жеткізу үшін жағдай жасалады.

Жалпы, Ақтөбенің 150 жылдығына орай 150 жобаны іске асыру жоспарда. Жалпы, оқу орнында 13 мың студент білім алып жүр. Айта кетейік, Жастар жылында университет жас ғалымдарға арналған 70 пәтерлік үй салып жатыр.

Авторы: Ақсәуле Байменшина