Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > «Мансап» мектебінде жаңа оқу кезеңі басталды

«Мансап» мектебінде жаңа оқу кезеңі басталды

Болашақ мемлекеттік қызметкерлерді даярлайтын «Мансап» студенттік мектебінің бүгін 4-кезеңі басталды. Қаладағы жоғары оқу орындарының 15 студенті мектепке бірнеше емтихан тапсырып қабылданған. 4-кезеңнің студенттерімен бүгін облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Рафхат Бисенов кездесті. «Мансап» студенттік мектебі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті жанынан құрылған. Болашақ мемлекеттік қызметкерлерді даярлайтын мектептің бүгін 4-кезеңі басталды. Қаладағы жоғары оқу орындарының 15 студенті мектепке алдымен тест тапсырып, кейін сұхбаттасудан өтіп барып қабылданады. Қазір үздіктер оқып жатыр. Білікті мамандар дәріс береді. Теориялық және тәжірибелік сабақтар 4 ай өтеді. Осы аралықта болашақ мемлекеттік қызметкерлерге олардың міндеттері, халықпен жұмыс жасау, психологиялық тұрақтылық үйретіледі. Кейін өздері таңдаған мемлекеттік мекемеде тәжірибеден өтеді. Оқу соңында әр студентке арнайы сертификат табысталады. «Мансап» студенттік мектебі 3 жыл бұрын ашылған. Бүгінге дейін 60-қа жуық түлек шыққан. Олардың 80 пайыздан астамы мемлекеттік қызметте жүр.