Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Білім кілті

Білім кілті

1 қыркүйек — Білім күніне орай Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті бас ғимаратында орналасқан ғылыми кітапханасында 1 курс студенттері үшін танымдық экскурсия жүргізіледі. Осы мақсатта «Ғылым және білім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған университет ғалымдары мен оқытушыларының еңбектері, журналдар, буклеттер және білім туралы оқулықтар қойылды. Сонымен қатар «Кітап» атты оқулықтардан құралған инсталляция жасақталынды.

Кітап көрмесі үш апта бойы жұмыс жасайтын болады.