Вторник, Май 26, 2020
Басты > Жаңалықтар > Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің  Ғылыми кеңесінің кезекті отырысында  университеттің төмендегі профессор-оқытушылары марапатталды.

  1. Философия ғылымдарының докторы, профессор Айталы Амангелді Әбдірахманұлы — «Өтежан Нұрғалиев» медалі;
  2. «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты Кузбаков Жанаберген Иманқұлұлына Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры» төсбелгісі мен аттестаты;
  3. Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бекназаров Рахым Ағыбайұлы — ҚР БжҒМ «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі» үшін төсбелгісі;
  4. «Отан тарихы және тарихи пәндер» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, доцент Исмағұлов Ұзақбай Шаукерұлы — ҚР БжҒМ Құрмет грамотасы;
  5. Білім беру процесін ұйымдастыру департаментінің директоры Бишекен Сабырғали Кәрібайұлы — ҚР БжҒМ Құрмет грамотасы;
  6. «Ағылшын және неміс тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Мурсалиева Ағайша Қаратайқызы — ҚР БжҒМ Алғысы.

Құттықтаймыз!