Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Дуальды оқыту жүйесіне арналған семинар

Дуальды оқыту жүйесіне арналған семинар

2019 жылдың 28 қаңтар күні Тарих факультетінде «Дуалды оқыту элементтері негізінде білім бағдарламаларының жаңа үлгісі» атты жұмыс берушілермен кездесу семинары өткізілді.

Семинардың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының аймақтары мен Ақтөбе облысы бойынша білікті мамандарды даярлау мақсатында білім бағдарламасы шеңберінде жұмыс берушілер ұсынған курстарды қарастырып, талқылау.

Кездесуге оқу-әдістемелік бөлімінің басшысы Айнұр Қадырқұлова, Тарих факультетінің деканы Гүлмира Купенова, факультеттің профессор-оқытушылар құрамы, МББ құрастырушы жұмыс тобы, сонымен бірге факультетпен тұрақты байланыс орнатқан мекемелердің өкілдері арнайы қатыстып, болашақ білім бағдарламасына маманның құзіреттілігін қалыптастыратын жаңа пәндердің қамтылуына аса көңіл бөлініп, пәндерді жеке-жеке талқылады.

«Тарих және дінтану» кафедрасы бойынша «Аңсар» Кеңес беру-оңалту орталығының директоры Әлібек Төлеубай мен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы КММ-нің басшысы Нұрсұлтан Жаншин «Тарих-Дінтану» білім бағдарламасына «Діни психология», «Теология» т.б. пәндерді, №6 Хромтау гиманизаясының Тарих пәнінің мұғалімі Гүлмараш Мукашева  «Оқушылардың бойында зерттеушілік қабілетті қалыптастыру» атты таңдау компонентін ұсынды. №24 ЛМГ-нің тарих пәнінің мұғалімі Гульбадам Абдрахманова «Тарих пәнін жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытуды ұйымдастыру» пәнін енгізуге ұсыныс берді.

«Отан тарихы және тарихи пәндер» кафедрасы бойынша – Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мейрам Дүйсенғали «Музейтану», «Ақтөбе облысының тарихы» атты таңдау пәндерін ұсынып, дуалдық оқыту негізінде практикалық сабақтардың мұражайда өтуінің студент үшін маңызы зор екендігін айтып өтті.

«География және туризм» кафедрасы бойынша – Жаңақоныс орта мектебінің тарих пәнінің мұғаліміЖаслан Исагалиев, «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау, қалпына келтіру және зерттеу орталығы» бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Төкешова, «Зере тур» ЖШС директоры Ботагөз Крамбаева, Ақтөбе облыстық планетариінің әдістемелік бөлім меңгерушісі ГүлнұрШанова   және Қалалық жас туристер станциясының қызметкері Алена Бекбергенова   қатыстып өз тараптарынан таңдау компонентерін ұсынды.

Семинар барысында Тарих және дінтану, География және туризм, Отан тарихы және тарихи пәндер кафедраларының 2019-2023 оқу жылына арналған білім бағдарламалары ұсынылды. Мекеме өкілдері тарапынан ұсыныстар беріліп, пәндер тізімі МББ-на енгізілетін болды. Семинар нәтижесінде жұмыс берушілермен мамандарды даярлау бағыты, түлектердің құзіреттілік модулі, әрбір енгізілетін жаңа пәндер толықтай екі жақты талқыланып, қарастырылды.

Асқар САРБАЕВ,

тарих факультеті