Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар >  «Мұғалім мәртебесі туралы» Заң жобасы талқыланды

 «Мұғалім мәртебесі туралы» Заң жобасы талқыланды

Жұбанов университеті және өңірдің басқа да оқу орындарының профессор-оқытушылық құрам өкілдері бүгін Жұбанов университетінде Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму Комитетінің мүшесі Павел Казанцевпен кездесті.

Университетке арнайы іссапармен келген депутат кездесу барысында үш сұрақты басты назарда ұстады. Ол Парламенттің есеп беру кезеңі бойынша атқарылған жұмысы туралы баяндама жасап, Парламенттің қызығушылық танытып отырған экономика және саяси салаларындағы маңызды мәселелері, басты проблемалары, болашаққа бағдарлары мен жаңа тенденциялары туралы сөз қозғады және ҚР «Педагог мәртебесі» туралы Заң жобасы бойынша оқытушылардың ойын тыңдап, талқылады.

1 қыркүйектен бастап қаралған Заң жобаларына тоқталған Павел Казанцев, қазіргі таңда Парламент қоржынында әртүрлі сала бойынша 80 Заң жобасының жатқанын атап кетті. Олардың 21-і Елбасымен құпталған.

«Міне 3 жылдан бері біздер бойкаут бағдарламасы негізінде патриоттық білім беру жобасын модельдеумен айналысып келе жатырмыз. Бүгінгі таңда пилоттық жобалар да бар», — деді мектептерге патриоттық білім беру жүйесін енгізу туралы сөз еткен депутат.

Жұбанов университетінің доценті Татьяна Алимпиева Заң жобасындағы зейнеткерлік жас, педагогтарды қорғаудың қоысмша шаралары мен сағаттық жүктемесі туралы тармақтарын қайта қарастыру жөнінде ұсыныс жасады. Депутаттың сөзінше, кездесу барысында келіп түскен ұсыныстар мен тілектер құзырлы органдарға міндетті түрде жеткзіліп, қайта қарастырылатын болады.

«Халықпен қарым-қатынас орнату депутат қызметінің маңызды тұстарының бірі болып табылады. Сіздер өзіңізді толғандыратын сұрақтарыңызды маған тікелей қоюыңызға болады немесе ҚР Парламентінің ресми сайтында көрсетілген мекен-жай бойынша басқа депутатқа хат түрінде жолдауыңызға болады» — деді Павел Казанцев өз кезегінде.