Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Семинар «Тілдік білім берудегі қазіргі заманғы үрдістер» тақырыбына арналды

Семинар «Тілдік білім берудегі қазіргі заманғы үрдістер» тақырыбына арналды

Жұбанов университетінде филология және шетел тілдер факультетінің ұйымдастыруымен «Тілдік білім берудегі қазіргі заманғы үрдістер» тақырыбында
университетішілік әдістемелік семинар өтті.

Әдістемелік семинарда «Жаңартылған білім бағдарламасы: талантты және дарынды балаларды оқыту» туралы ф.ғ.к., Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ профессоры Балкенже Қарағұлова, «Жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыруда саралау жүргізіудің тиімділігі» мәселесі бойынша теориялық және қолданбалы тіл
білімі кафедрасының филалы № 13 ора мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Ж.Лайкова және «Жаңартылған білім беруде сөздікпен жұмыс жүргізудің әдістері» тақырыбында ф.ғ.к., доцент Майра Күштаева хабарлама жасады.

Семинарда «М.Мұқағали тілі сөздігі» кітабының авторы ф.ғ.д., Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ профессоры Сабира Исакова сөздіктің құрылымы мен мазмұны туралы таныстырды. Доцент Айгүл Айтбенбетова, аға оқытушы, г.ғ.магистрі
Гүлшат Есенова электронды оқулықты сабақ үдерісінде қолданудың тиімділігі
туралы тренинг жүргізді.«Латын әліпбиі мен ағылшын графикасының ұқсастығы мен айырмашылықтары», «Бастауыш мектеп оқушылырына латын әліпбиін енгізу
мәселелері», «Латын әліпбиін меңгеруге арналған көмекші цифрлық
бағдарламалар туралы» тақырып көлемінде теориялық және қолданбалы тіл
білімі кафедрасының оқытушылары А.А.Байжанова, С.Т.Накешева,
г.ғ.магистрі Г.Ж.Окасова мастер-класс өткізді.

Майра КҮШТАЕВА,

филология факультеті