Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Дені сау ұрпақ — жарқын болашақтың кепілі

Дені сау ұрпақ — жарқын болашақтың кепілі

Елбасы «Жастар жылы» аясында өткізген форумда дене шынықтыру мен спортты дамытуға айрықша көңіл бөлу қажеттігін айтқан болатын. Осыған орай университеттің Теxникалық факультет белсенділерінің ұйымдастыруымен  жас оқытушылар және студенттердің арасында «Толағай»  спорттық жарысы өткізілді.

Мәдени шараны теxникалық факультеті деканының м.а. Абзал Мұxтаров құттықтау сөзбен ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Теxникалық факультетінің «Металлургия», «Тау-кен ісі», «Құрылыс», «Көлік, көлік техникасы және технологиялары», «Kөлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», «Мұнай-газ ісі» мамандықтарының студенттері мен оқытушылары аударыспақ, арқан тартыс және қазақтың басқа да ұлттық ойын түрлерінен сынға түсті.

Аталған жарысқа «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы А.С.Курмашев төрелік етті.

Жарыс нәтижесі бойынша: Бас жүлде — «Металлургия»; І орын — «Құрылыс»; ІІ орын — «Kөлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»; ІІІ орын — «Тау-кен ісі» мамандықтары ақшалай және алғыс хаттармен марапатталды.

«Жастар жылы» аясында  өткізіліп отырған  бұл шара білім ордасының студенттеріне  үлкен үлгі-өнеге болмақ. «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі» ұранын ұстанған  факультетте алдағы уақытта  осындай маңызы зор шаралар жалғасын таба береді.

Аталған жарысқа қаржылай қолдау көрсеткен университет басшылығына факультет белсенділері алғыс айтады.

 

Альбина ЕРСАЙЫНОВА, 

техникалық факультет