Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жастар саясаты > Ақынның туған күніне арналған кеш

Ақынның туған күніне арналған кеш

Бүгін Жұбанов университетінде «Дизайн» мамандығының 2-курс студенттерінің ұйымдастыруымен Елбасының «Жастар жылы» аясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мен ХХІ ғасырдың құрдасымын!» тақырыбында әдеби-шығармашылық кеші өтті.

Аталмыш әдеби шараға  факультет деканы, Сабыржан Мұхтаров, әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің әдіскері Арай Асылбекқызы, «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі Төлеген Ботағариев, факультеттің тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары Айболат Қангельдин, «Дизайн» кафедрасының меңгерушісі Әділғали Сағымбаев, «Дизайн» кафедрасының тәрбие жөніндегі аға кураторы Асылбек Қыдыбаев қатысты.

Әдеби-шығармашылық кешке «Дене шынықтыру және спорт», «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтарының студенттері де белсене қатысып,  ақынның өлеңдері мен ақын туралы деректер көпшілік назарына ұсынды.

Кешке қатысқан қонақтар  ұйымдастырушылар мен белсене қатысқан студенттерге алғыс хаттар табыстады.

Кәсіби-шығармашылық факультеті