Среда, Декабрь 13, 2017
Басты > Білім > Университет ғалымдарының халықаралық деңгейдегі марапаттары

Университет ғалымдарының халықаралық деңгейдегі марапаттары

2017 жылы 5-15 шілде аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті  Гуманитарлық зерттеулер институты директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Мұсаев пен Білім беру педагогикасы  және психология кафедрасы профессоры А.Тасимова Францияның Конкорд Академиясының шақыртуымен Францияда іс-сапарда болып қайтты.

Гуманитарлық зерттеулер институты Европа жоғары оқу орындары ғылыми орталықтарымен нәтижелі халықаралық байланыстарды 2015 жылғы 17 шілде айында Юнеско жанындағы Францияның Халықаралық Конкорд Академиясымен бекітілген келісімшарт негізінде жүзеге асыруда.

Францияның Халықаралық Конкорд Академиясы (ХКА) жалпы адамзат қажеттілігін қамтамасыз ететін, гуманитарлық және экономикалық нәтиже беретін ғылыми және шығармашылық жобаларды тәжірибеге енгізу жолдарын экспертиза жасаумен, тестілеумен айналысатын бірден-бір халықаралық беделді ұйым болып табылады.

Халықаралық байланыстарды жолға қою барысында және «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы», Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев негізін салған «Мәдени мұра» жобасын шаруашылық есептегі  келісімшарт арқылы орындау барысында қол жеткен нәтижелерін (ХКА) Халықаралық Конкорд Академиясына 2017 жылы тестілеу және экспертизадан өткізуге ұсынған болатын.

Нәтижесінде профессор А.Мұсаевтың «Сатира поэтикасы» (2015 ж.Париж. Франция) профессор А.Тасимованың ағылшын тіліндегі «Modernization of education»  «Moдернизация образования» атты монографиясы (2017 жыл. Париж,Франция) шетелде жарық көріп, Францияның Ұлттық кітапханасы қорына енгізілді. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті ғалымдарының монографияларына Европа жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтары тарапынан оң пікірлер берілді.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында шетел басылымдарында қазақ әдебиетін насихаттап, шығармашылық табыстарға жеткені үшін филология ғылымдарының докторы, профессор А.Мұсаев Халықаралық Конкорд Академиясының  Пифагор атындағы медалымен марапатталды.

Ал университет профессоры А.Тасимова Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» атты мақаласында көтірілген мәселелерді көтеріп, Қазақстан жоғары оқу орындары жеткен табыстарын, білім берудегі жаңғыру мәселелерін шетелдерде насихаттап, шығармашылық табыстарға жеткені үшін Халықаралық Конкорд Академиясы Гёте атындағы медалымен марапатталды.

Сонымен қатар нәтижелі әріптестік барысында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті профессорлары А.Мұсаев, А.Тасимова Францияның Халықаралық Конкорд Академиясының мүше-корреспонденті есебінде кезекті ғылыми тағылымдамадан өтіп, Париждегі Сорбона университетінде, Юнескода болып, тәжірибелік сабақтарын Атлантика мұхиты жағалауындағы Лесь-Сабль-д¢ Олонь қаласында Қазақстанның басқа да жоғарғы оқу орындарынан келген әріптестерімен бірге жалғастырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *