Вторник, Март 19, 2024
Басты > Білім > Білім беру бағдарламасы құрылымындағы өзгерістер талқыланды

Білім беру бағдарламасы құрылымындағы өзгерістер талқыланды

Жұбанов университетінің педагогика факультетінде оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар  жөніндегі проректоры Бибігүл Әбенованың басшылығымен жаңа нормативті–құқықтық актілер мазмұнына сәйкес білім беру бағдарламасы құрылымындағы өзгерістерді түсіндіру бойынша  әдістемелік-ақпараттық топ семинар ұйымдастырды.

Семинар барысында проректор Бибігүл Сейілқызы жаңа талаптарға сәйкес білім беру бағдарламаларын нормативті-құқықтық құжаттар негізінде жасақтаудың тәртібін, жолдарын жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ, ол 2019-2020 оқу жылы үшін дайындалатын элективті пәндер каталогына ұсынылатын пәндердің мазмұны мен оны толтырудың реті жайында  мәселелерді қозғады.

Сонымен қатар Білім беру процесін ұйымдастыру департаментінің директоры Сабырғали Бишекен «Бакалавриат бойынша 2-4 курстардың модульдік оқу жоспарына өзгерістер енгізу» тақырыбында мағлұмат берді. Семинар аясында педагогика факультетінің  деканы Жанна Жусупова Алматы қаласында ұйымдастырылған қысқы мектептен (Aлматы менеджмент университеті) алған тәжірибесімен бөлісіп, «Инновационные технологии и методы в образовании» тақырыбында презентациясын көпшілік назарына ұсынды.

Семинар соңында профессор-оқытушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.

 

Айгерім САМАТҚЫЗЫ,

педагогика факультеті