Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Корей ғалымдары дәрістер мен шеберлік сағаттарын өткізеді

Корей ғалымдары дәрістер мен шеберлік сағаттарын өткізеді

Жұбанов университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында өзара тәжірибе алмасу мақсатында Корей Республикасы Пуссан қаласы Тоңмён университетінің ғалымдары келді. Шетелдік ғалымдар екі апта бойына Жұбанов университетінің физика-математика факультеті мен техникалық факультетінің студенттеріне арналған дәрістер легі мен шеберлік сағаттарын өткізетін болады. Тоңмён университетінің «Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар» бөлімінің деканы Тэ-Кук Ким «Мехатроникалы инженерия» мамандығы бойынша Сеул қаласындағы Корей университетінің магистратура бөлімін, содан соң аталмыш жоғары оқу орнының докторантура бөлімінде «Ұялы байланыс инженерия» мамандығы бойынша білім алған. Кореяның «LG Electronics Co. Ltd.», «Samsung Electronics Co. Ltd.» компанияларында қызмет атқарған профессор. Ол алдағы күндері Жұбанов университетінің студенттеріне «Arduino», «Raspberry Pi» және тағы да басқа компьютерлер жөнінде дәрістер оқиды.

Тоңмён университетінің тағы бір профессоры Джунг-Ки Хван болашақ металлург мамандарға болатты илемдеу өндірісіндегі жаңа инновациялық технологиялар жөнінде әңгімелейді. Профессор Джунг-Ки Хван Кореяның Ғылым және технологияның алдыңғы қатарлы KAIST институтын «Механикалық инженерия (Жылу/масса беру)» мамандығы бойынша магистратура және Пханг ғылым және технология университетінің (POSTECH) «Материалтану (Болаттың микроқұрылымы/деформациялық талдау)» мамандығы бойынша докторантура бөлімін бітірген.

Айта кету керек, бұл дәрістер Жұбанов университеті мен Пуссан қаласының Тоңмён университетінің арасында 2018 жылдың маусым айында қол қойылған екі жақты ынтымақтастық туралы меморандум нәтижесінде жүзеге асуда.