Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Корей елінің өкілдерімен кездесті

Корей елінің өкілдерімен кездесті

Жоғары білім беруді интернационализациялау, білім беру тиімділігін және ғылыми-зерттеу қызметін арттыру, білім беру қызметтерінің сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында Жұбанов университеті мен Корея Республикасының жоғары оқу орындары арасындағы  өзара келісімшарт негізінде  Халықаралық ынтымақтастық орталығы директоры Гүлжан Шоқым Пусан мемлекеттік университетінің өкілдерімен  кездесу өткізді.

Алдағы уақытта екі жақты қарым-қатынасты дамыту үшін, жемісті серіктестік болу мақсатында Пусан мемлекеттік университетінің халықаралық қатынастар орталығы деканының орынбасары Ким Донг Шик, және Пусан мемлекеттік университетінің халықаралық қатынастар орталығы координаторлары  Канг Енг Джу, Ким Джонг Кен Пусан университетіндегі оқу үрдісімен, академиялық қатынастар, барлық әлем бойынша шетелдік студенттер қабылдау талаптары туралы таныстырды. Кездесу барысында екі университет арасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында және қосдипломдық бағдарламасын жүзеге асыру үшін келісімшарттар жасау мәселелері талқыланды.

Пусан мемлекттік университетінің халықаралық қатынастар орталығы  деканының орынбасары Ким Донг Шик: «Қазақстан мен Корея арасындағы білім және ғылым бағытындағы өзара әріптестіктің қарқынды  дамуына, тұрақты қарым-қатынастың орнауына алдағы уақыттарда өзара ықпалдастығымыздың септігі мол болады деп  үміттенеміз», — деп, өз ризашылығын білдірді.

 

Гүлбану ҚУАНЫШОВА,

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы

бөлімінің әдіскері