Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Әйгілі грек суретшісі Жұбанов университетінде

Әйгілі грек суретшісі Жұбанов университетінде

Бүгін Жұбанов университеті кәсіби-шығармашылық факультетінің студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы атақты грек суретшісі Янис Кириакидиспен кездесті.

Суретшімен кездесу ұзаққа созылды. Жиналғандардың қойған сұрақтарына жан-жақты жауап берген Янис Кириакидис олармен еркін қарым-қатынас орната алды. Осылайша, болашақ дизайнерлер әйгілі өнер иесінің алғашқы еңбектері, суретші шабыты, өнердің Олимпі болып табылатын Греция жайлы қызықты мағлұматтармен бірге ақыл-кеңестер алды.

Айта кету керек, суретші, үйлестіруші, ақын, Грецияның Суретшілер Одағының және ЮНЕСКО-ның Халықаралық Пластикалық өнер Ассоциациясының мүшесі Янис Кириакидис Ақтөбеге кезекті көрмесін өткізуге арнайы келіп отыр.

Суретшінің көрмесі Жұбанов университетінің Студенттер сарайында 15 ақпан күні  салтанатты түрде ашылады.