Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жастар саясаты > Танымдық экскурсия

Танымдық экскурсия

1 қыркүйек — Білім күні ерекше, ізгі мереке, жаңа оқу жылының бастауы. Әсіресе, бұл күннің университетіміздің табалдырығынан аттаған 1 курс студенттері үшін маңыздылығы өте зор. Олар үшін қоршаған ортасының бәрі жаңа, бәрі таңсық. Жаңа достар, жаңа ұстаздар, жаңа орта, жаңа ғимарат, жаңа аудитория.

Сондықтан оларды жаңа ортасымен таныстырып, оқуға ынта қоюлары үшін барлық жағдайды жасаған дұрыс. Осыған орай, 1 курс студенттері университетіміздің ғылыми кітапханасымен танысу жұмыстарын бастап та кетті.

Кітап қоры бай кітапхана- кез келген жоғары оқу орнының түп қазығы және негізі болғандықтан университет табалдырығын алғаш аттаған жастар үшін кітапханаға деген көзқарастарын қалыптастыру аса маңызды шара болып табылады. Осы мақсатта 1 курс студенттерін университет кітапханасының тұрмыс-тіршілігімен таныстырып, оның құрылымдарын, студенттерге, оқытушыларға қандай қызмет ұсынатындығы жайлы танымдық экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында университет кітапханасы 5 оқу ғимаратында орналасқандығы (жаратылыстану, экономика және құқық, тарих, шет тілі және филология, техникалық ) туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар студенттер университеттің электрондық кітапхана жүйесімен танысты.