Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбелік спортшылар жеңіспен оралды

Ақтөбелік спортшылар жеңіспен оралды

ММА-ден Қазақстан чемпионатында ақтөбелік спортшылар жеңіске жетті. Жеңімпаздарды теміржол вокзалынан жанкүйерлері күтіп алды.  Олар Алматыда өткен аралас жекпе-жектен ел чемпионатының финалдық кездесулерінен оралды.

Қазақстан чемпионатында ақтөбелік спортшы  Бағдат Жұбаныш чемпион атанды. Бағдат финалдық жекпе-жекте атыраулық спортшыны жеңді. Ал,  Айдын Төлепбаев осы айтулы жарыстың чемпионы. Сондай-ақ,  чемпионатта біздің 5 спортшы күміс, қола жүлдені жеңіп алды. Олар бапкерлерінің үмітін ақтағандарына қуанышты. Алда талай жоспар бар.

Спортшылардың тағы бір тобын жанкүйерлері Хромтау вокзалынан күтіп алды. Допты xоккейден  өткен үшінші қысқы жастар ойындарында жерлес команда күміс жүлдені еншіледі.  Тартысты жарыс Орал қаласында өтті. Оған 8 команда қатысқан болатын.

Айта кетейік, допты xоккейден облыс бойынша xромтаулық xоккейшілер көш бастап тұр. Республикалық, xалықаралық жарыстардан жүлдесіз оралған емес. Тағы бір айта кетсек,  облыс құрамасындағы 6 спортшы наурыз айында Ресейде өтетін Бүкіләлемдік Универсиадада ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді.

Венера Серғазина