Вторник, Март 19, 2024
Басты > Халықаралық байланыс > Жайдарманшылар — «Жаңа белесте»

Жайдарманшылар — «Жаңа белесте»

Жақын күндері Жұбанов университетінің «Жұбанов» құрамасы  Астана қаласында өткен Көңілді тапқырлар алаңы фестиваліне және «Эконом клас» құрамасы «Жайдарман» ойындарының 2019 жылғы «Маусымашар» республикалық фестиваліне қатысты.  Фестивальден оралған ойыншылар бүгін университет ректорымен  кездесті.

Кездесу барысында жастар жанашыры Бауыржан Аманкелдіұлы  бүгінде жайдарман арқылы қоғамдағы келеңсіз құбылыстарды көруге болатынын тілге тиек етті. Адамға алдымен білім мен талант керек екенін айтып, қай ортада болмасын өз орнын таба білген тұлға болуға ұмтылу керектігін ескертті.

Сондай-ақ, университет ректоры жайдарманшылардың шығармашылығын шыңдау мен этикасын, сахна мәдениеті мен сөйлеу мәдениетін, әзілдің қалай жазылу керектігін, түрлі бағыттағы идеяларды ойлап табу жастардың қолынан келетіндігін атап, жастарға алға ұмтылуды,  өз ісіне адал болуды алға тартты.

«Сіздер және сіздердің жетістіктеріңіз оқу орынның келбетін көрсетеді. Университетіміздің қоғамдық жұмыстары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына  атсалысатын  белсенді жастар көп.  Мемлекетіміздің нығая түсуіне бұ­рын­­ғыдан да мол үлес қосу үшін жастар белсенді болуы керек», —  деді ректор.

Кездесу барысында ойыншылар  жоспарларымен бөлісіп, университет басшысына ұсыныстарын жеткізді.

Басқосу  соңында республикалық «Жайдарман» ойындарына қолдау білдірген университет ректорына Бауыржан Аманкелдіұлына «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Президенті Есен  Елеукеннің Алғыс хаты тапсырылды.

Айта кетейік,  алдағы күндері Астана қаласында «Эконом клас» құрамасы Ашық лига ойындарында,  ал «Жұбанов» құрамасы Республикалық Жоғары Лига ойындарында додаға түседі.