Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ақтөбеде «Жасыл ел» жасағының жаңа кеңсесі ашылды

Ақтөбеде «Жасыл ел» жасағының жаңа кеңсесі ашылды

Студенттік жасақ қатарына қосылуға ниеттілер жақын маңдағы жоғары оқу орындарында тіркеле алады. Ақтөбеде «Жасыл ел» жобасының жаңа фронт-кеңсесі ашылды. Бұл маусымдық табыс көзін табам деушілер үшін жасалған жағдай. Айта кету керек, 2005-ші жылдан бері Ақтөбеде 50 мыңнан астам сарбаз «Жасыл ел» қатарында болған. 10 мың тоннадан астам қоқыс шығарылып, 900 мыңға жуық тал-терек отырғызылды.

Мансұр Есқожин, тілші:

— Ақтөбе жастары тағы бір рекордты жаңартуды көздейді. Биыл маусымдық еңбекке 6 мыңға жуық азаматты тарту көзделген. Мәселен былтыр 5 мыңнан астам бозбала мен бойжеткен аймақты абаттандыруға үлес қосқан болатын. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 300 миллион теңге бөлінді. Студенттер мен жұмыссыз жастарды жыл қорытындысы бойынша тағайындалатын сыйлықтар да қызықтырады. Өткен жылы үздік 80 сарбаз Астанаға бір апталық экскурсияға жолдама алған болатын. Дегенмен тұрақты жалақыны да айтпай кетуге болмайды.

Арман Қибатов,«Жасыл ел» жасағының сарбазы:

— Жастар «Жасыл елде» жұмыс жасай жүріп өздеріне қаржылай көмек көрсете білді. Ата-аналарының үмітін ақтай білді деуге болады. Ата-аналарына көмек берді. Және өздеріне қажетті құралдарды, заттарды өздерінің еңбектерімен жасаған ақшаға алды.

Мансұр Есқожин, тілші:

— Бұл фронт-кеңсе жергілікті студенттердің жасыл елге жақын болуы үшін өңірлік университет жанынан ашылды. Болашақта мұндай бөлімшелер барлық оқу орындарында ұйымдастырылуы тиіс. Сәйкесінше құрылыс пен абаттандыру жұмыстарындағы сарбардар саны да артады.