Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде заңгер мамандар тегін кеңес береді

Жұбанов университетінде заңгер мамандар тегін кеңес береді

Жұбанов университетінің экономика және құқық факультетінде 2019 оқу жылының 2-семестрінде халыққа ақысыз негізде құқықтық көмек көрсету орталығы ашылды. Орталыққа алғашқылардың бірі болып  Ақтөбе қаласының №6 жалпы білім беретін мектебінің мұғалімдері мен университеттің «Құқықтану» мамандығының магитранттары келді. Мектеп мұғалімдерін еңбек дауларының шешілу жолдары турасындағы сұрақтар қызықтырса, жас заңгер мамандар мұрагерлік құқық, тегін жер телімін алу, қоғамдық тәртіп бұзушыларды жауапқа тарту сияқты мәселелерге жауаптар алды.

Орталыққа құқықтық көмек сұрап келген жандарға университет доценті Татьяна Алимпиева мен аға оқытушы Айнұр Нурутдинова ҚР-ның құқықтық актілері мен заңнамаларына сүйене толыққанды жауап берді.

Құқықтық орталыққа жүгінген азаматтар тегін кеңестер алып қана қоймай, өздерінің құқықтық сауаттылығын жоғарылата алады. Орталықта қызмет ететін мамандар қала тұрғындары үшін тегін қызмет етуге әркез дайын екенін жеткізіп отыр.