Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Шетелдік тәжірибелерімен бөлісті

Шетелдік тәжірибелерімен бөлісті

Жұбанов университетіне 2019 жылдың 11-22 ақпан аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында өзара тәжірибе алмасу мақсатында Корей Республикасы Пуссан қаласы Тоңмён университетінің ғалымы Таэ-Кук Ким келді.

Шетелдік ғалым екі апта бойына Жұбанов университетінің физика-математика факультетінің 5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 5В011100 – «Информатика» мамандығының 2-3 курс студенттеріне «Raspberry Pi & IoT» дәрістері мен практикалық сабақтарын өткізді.

Бұл дәрістер мен практикалық жұмыстар Raspberry Pi базасында роботтандырылған кешендерді құруға арналған. Лекциялар мен практикалық сабақтар кезінде студенттер белсенді қатысты. Сондай-ақ, профессор Таэ-Кук Ким «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының магистранттары мен профессор-оқытушыларына семинарлар өткізді. Семинарлар барысында «Raspberry Pi & IoT» қолданылуы және қос дипломды білім беру бағдарламасы жөнінде талқылады.

Өз кезегінде «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының оқытушылары Тоңмён университетінің ғалымдары Таэ-Кук Ким мен  Джунг-Ки Хван-ға Ақтөбенің көрікті жерлерін аралатып, қонақжайлық танытты.

Ж.Е.Сартабанова, А.А.Рысдаулетова,

 «Информатика және АТ» кафедрасының оқытушысы