Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Оқу ғимаратына ғалым есімі берілді

Оқу ғимаратына ғалым есімі берілді

Жұбанов университетінде қос бірдей танымдық  шара өтті.  «Ұлы даланың жеті қыры» Мақаласын ұлықтайтын шара аясында, тарих факультетінің ғимаратына белгілі тарихшы ғалым Бекежан Сүлейменовтің есімі берілді.Сондай-ақ, кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай, жауынгер-интернационалистер оқу кабинетін ашып берді.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Бекежан Сүлейменов Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Шалқар өлкесінің тумасы. Бекежан Сүлейменов Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын зерттеп,  3-томдық жинағын құрастыруға жетекшілік еткен. «Ежелгі дәуірден бүгін күнге дейін» 5-томдық  жинағын жаярлауға қатысқан.  Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері. Тарих факультеті ғимаратына ғалымның есімі беріліп, мүсіні қойылды.

Биыл кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына  30 жыл толды. Тарих факультеті ғимаратында ауған соғысы ардагерлерінің кабинеті ашылды. Оқу кабинетін «Ер Бақыт»  спорттық-патриоттық орталығы жастар жылы мен Ақтөбенің 150 жылдығына арнап, өз күштерімен  жасақтап берді. Мұнда ауған соғысы туралы тарихи деректер қойылған. Жастармен түрлі кездесулер, ерлік сабақтары  өткізілетін  болады. Негізгі мақсат- өскелең ұрпақты отанды сүюге тәрбиелеу.

Шараға қатысқан облыс әкімі осындай патриоттық  орындар әр оқу ордасында, әр ауданда болуы керек,  жастарды тәрибелеудегі маңызды құралдардың біріне айналу  қажет деді.

Венера Серғазина