«Жас талапкер-2019». Алға ауданында осындау атаумен жас түлектердің слеті өтті. Бұл шараға биыл мектеп бітіретін 9-ыншы, 11-інші сынып оқушылары қатысты. Олар оқу орындарының талабымен, мүмкіндіктерімен танысып, мемлекеттік грантқа ие болу жолдары туралы ақпарат алды.
Шарада түлектер үшін көрме ұйымдастырылып, кеңес алаңы жұмыс істеді. Мұнда слетке өңірдегі 9 таңдаулы білім ордаларынан, сондай-ақ арнаулы оқу орындарының өкілдері келіп, талапкерлерге бағыт-бағдар берді. Олармен пікір алмасты. Жас түлектер де өздерін мазалаған сұрақтарына жауап алды.
Жалпы, «Жас талапкер-2019» слеті ауданда алғаш рет өтіп отыр. Шараға 400-ге жуық түлек қатысты. Бұл слеттің жастардың мамандық таңдауда қателеспеуіне септігі мол,-дейді ұйымдастырушылар.
Ұйымдастырушылар бұл слеттің келесі жылы да жалғасатынын айтты.
АЗАМАТ ӘБІЛҚАЙЫР