Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Кәсіби бағдар беру – маңызды іс

Кәсіби бағдар беру – маңызды іс

Жастардың мамандық таңдауына көмектесу, еңбек нарығына сәйкес қажетті білім алуына мүмкіндік жасау және үлкен өмірге алғашқы қадам басып «қай оқу орнын таңдаймын, кім боламын» деген жас түлектерге дұрыс бағыт-бағдар беру мақсатында «Жас талапкер-2019» аудандық слеті ұйымдастырылды.

Аталмыш шара Алға аудандық Мәдениет үйінде  аудан әкімдігі мен жастар ресурстық орталығының бастамасымен Ақтөбе қаласында орналасқан жоғары және арнаулы орта оқу орындарының, сондай-ақ, Алға қаласындағы индустриялық-техникалық колледж өкілдерінің, Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Ардақ Қалиаскерқызының қатысуымен өтті.

Шараны Алға ауданы әкімінің орынбасары Әнуарбек Жеңісұлы құттықтау сөзімен ашты. Слет барысында осы шараға арнайы Жұбанов университетінің кәсіби бағдар тобы мамандықтар көрмесін ұйымдастырып, университеттің материалдық-техникалық базасы, академиялық ұтқырлық бағдарламасы, арнайы гранттар, студенттерге берілетін жеңілдіктер, студенттердің әлеуметтік-тәрбиелік жұмыстары жайындағы мәліметтермен таныстырды.

Жұбанов университетінің филиология факультетінің 3-курс студенті Аслан Абуов түлектерге студент болудың үлкен мәртебе екенін айтып, сапарларына  сәттілік тіледі.

Шараның соңы өнерпаздардың дайындаған корнцерттік қойылыммен аяқталды.