Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Тарихшы ғалымға арналды

Тарихшы ғалымға арналды

Жақын күндері Жұбанов университетінің тарих факультеті орналасқан ғимаратына тарихшы Бекежан Сүлейменовтің  есімі берілген болатын.

Бүгін тарихшының есімімен аталатын ғимаратта «Тарих» және «Тарих-Дінтану» мамандықтарына студенттеріне «Тарих және дінтану» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Нұрлыгүл Аликулова «Бекежан Сүлейменов – тарихшы, ғалым» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел оқу ғимаратында ашылған арнайы кабинетте өткізілді. Дөңгелек үстел барысында тарих ғылымдарының  кандидаты Нұрлыгүл Аликулова студенттерге ғалымның өмірі мен қоғамдық-ғылыми қызметі жөнінде сөз қозғап, жеке мұрағаттық қоры құжаттарымен таныстырды. Шараға қатысқан т.ғ.к., доцент Жайдарман Ғанибаева студенттерге ғалымның ғылыми зерттеулері туралы баяндады.

Шара барысында кафедра меңгерушісі А.М.Еспенбетова, кафедра оқытушылары Ж.Ж.Оразаева, С.С.Сағындықова және студенттер А.Асылбек, Ж.Әбілхай, Г.Курбанова, Н.Байымбетовалар өз пікірлерін ортаға салды.

Асқар САРБАЕВ,

тарих факультеті