Вторник, Октябрь 15, 2019
Басты > Жаңалықтар > Университеттің 2017-2018 оқу жылына ұсынатын жеңілдіктері туралы

Университеттің 2017-2018 оқу жылына ұсынатын жеңілдіктері туралы

Шетелдік азаматтарға ұсынылатын жеңілдіктер

Биыл алғаш рет күндізгі бөлімнің 1-курс студенттері мен магистранттарына ұсынылатын Университет гранттары мен жеңілдіктері туралы Ереже қабылданып (Ғылыми кеңес шешімі, №14 хаттама, 10.05.17), қолданысқа енгізілді.

  • Университет Ақтөбе облысымен шекаралас Орынбор облысының қазақтары мен ресейлік азаматтарға оқу ақысына 50% жеңілдігі бар, тегін жатақхана орны берілетін 15 квоталық орынды бөлді. Бұл жоба Университет контингентін интернационализациялау, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қазақ диаспорасының өкілдерін елге тарту мақсатында, Ақтөбе мен Орынбор облыстарының халықаралық әріптестік меморандумына сай ұсынылды.
  • Университет «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қазақ диаспорасының өкілдерін елге тарту мақсатында Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай елдерінен келетін талапкерлерге оқу ақысына 50% жеңілдігі бар 30 квоталық орынды ұсынып отыр.

Жергілікті (облыс әкімшілігі) гранттар: алғаш рет Университетке Атырау облысы әкімі білім бағытының «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша 10 жергілікті грантын берді (6-сы қазақ бөліміне, 4-уі – орыс бөліміне). Сонымен қатар: «Физика», «Математика», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» орыс бөлімдерінің түлектеріне сұраныс білдіріп, грант бөлу мүмкіндігінің қарастырды. Гранттар 24-25 тамызда Атырау облысында тағайындалады (Университет басшылығының өкілдері қатысады). Атырау әкімшілігінің грантымен оқитындар 3 жақты келісім-шартқа отырады – Атырау облысының әкімшілігі, студент және Университет. Оқуын аяқтаған соң Университет түлегі Атырау облысына жұмысқа бөлініп, 5 жыл бойы еңбектенуі керек.

Ақтөбе облысының әкімшілігі техникалық, бағдарламалық басқару, инженер-химик, эколог, бағдарламалаушы сияқты т.б. мамандарға аймақтың кадрлық қажеттілігіне сай жергілікті гранттар немесе стипендиялар тағайындау мәселесін қарастырып отыр. Шешім 17-25 тамыз аралығында белгіленеді.

Қазақстандық талапкерлерге – 1-інші курс студенттері мен магистранттарға ұсынылатын гранттар мен жеңілдіктер Университеттің 2017-2018 оқу жылына 10.05.2017 күні Ғылыми кеңес шешімімен бекітілген Ережеге сай бөлінеді (Ережені қараңыз: №14 хаттама, 10.05.17 ж.):

  • Қ.Жұбанов атындағы арнайы грант –  Мектепте тек «өте жақсы» және «жақсы» бағаларға оқыған тұл жетім балаларға; Республикалық, халықаралық конкурстардың жеңімпаздарына беріледі;
  • «Алтын Белгі» белгісінің иегерлері мен халықаралық және республикалық олимпиадалар мен байқаулардың ғылыми, шығармашылық, спорттық  жүлдегерлеріне және жеңімпаздарына арналған әлеуметтік жеңілдіктер;
  • Мектеп, гимназия және тағы басқа оқу мекемелерінің оқушыларына арналған Университеттің бейіндік пәндері бойынша олимпиадаларының жеңімпаздарына бір оқу жылына  жеңілдіктер;
  • Ерекше үлгідегі аттестаты бар мектеп түлектері мен үздік дипломы бар колледж түлектері, 100 және одан жоғары байқау балымен ТК сертификаты бар, сонымен бірге АӨМУ мамандықтарын бірінші көрсеткен мемлекеттік білім беру грантын тағайындау байқауына қатысушының анықтамасы бар талапкерлерге «Білім беру» мамандықтарының  күндізгі оқу түрінің бакалавриат бағдарламасы бойынша бір оқу жылының төлемін 100000 (жүз мың) теңгеге төмендету жеңілдігі беріледі;
  • Студент оқу ақысын бір төлеммен толық төлеген жағдайда берілетін жеңілдіктер;
  • Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің жұмыскерлеріне берілетін жеңілдіктер;
  • Өнер мен спорт саласындағы халықаралық  немесе республикалық деңгейде соңғы екі жылғы жүлдегер, лауреат атанған студенттерге бір мәрте 100-120 мың теңге көлеміндегі жеңілдіктер;
  • Үздік дипломы бар және магистратураға түсу емтихандарын үздік бағаға тапсырған магистранттарға берілетін жеңілдіктер;
  • ТОEFL, IELTS сертификаттарына ие студенттерге тағайындалатын арнайы стипендия;
  • Әлеуметтік жағынан аз қамтылған студенттерге өндірістік база орталықтары, меценаттар және университеттің кәсіподақ ұйымы тағайындайтын арнайы стипендиялар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.