Пятница, Май 29, 2020
Басты > Жаңалықтар > Студенттер ашық есік күніне қатысты

Студенттер ашық есік күніне қатысты

2019 жылдың 28 ақпан күні Жұбанов университетінің студенттері «Құқықтану»  кафедрасының аға оқытушылары Айнұр Нурутдинованың, Перизат Қалабаеваның жетекшілігімен ҚР Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Саналы ұрпақ»  жобасы аясында өткізілген Ашық есік күніне қатысты.

Шараның мақсаты — азаматтар мен агенттіктер арасында сенімді және серіктестік қарым-қатынас орнату, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеу.

Іс-шара аясында студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Департаментінің экскурсиясы өткізіліп, уәкілетті органның негізгі бағыттары бойынша  баяндамалар ұсынылды.

Шараға қатысқан Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы М.Б.Мұхамбетов мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне түсу мәселелері жөнінде сөз етіп, Жұбанов университетінің қызметкерлері мен студенттеріне алғысын білдірді.

 

Татьяна АЛИМПИЕВА,

«Құқықтану» кафедрасының доценті, т.ғ.к.