Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ақтөбенің ақындары студенттермен жүздесті

Ақтөбенің ақындары студенттермен жүздесті

Бүгін Жұбанов университетінің Н.Байғанин атындағы ғимаратында «Өмірін өлеңмен өрнектеген арулар»  тақырыбында  ақындармен кездесу кеші өтті. Филология факультеті ұйытқы болған бұл кездесуге профессор-оқытушылар, студенттер, жырсүйер қауым жиналды.

Шараның мақсаты – жастарға қазақ поэзиясын насихаттау, ақынның шығармашылық жолымен таныстыра отырып, өлеңдерін оқырман жүрегіне жеткізу.

Сонымен қатар, кездесуге ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Қуанышева Гүлімай Әбішқызы,   ақын, «Керек инфо» газетінің бас редакторы Кереева Индира Мұратқызы  қатысты.

Әдеби кеште Жұбанов университетінің студенттері ақындардың өлеңдерін оқып, өз  өнерлерін көрсетті.  Кешке қатысқан студенттер  ақындарға сұрақтар қойып, жастар тәрбиесі, рухани жаңғыру тақырыптарында сөз қозғады.

Жырсүйер қауыммен кездескен Ақтөбелік ақындар өзінің балалық шағы, өскен ортасы, үзеңгілес ақын достары туралы қызықты әңгімелерімен бөлісті.

Ақындармен өткен тартымды кездесуден жастар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.