Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Интерактивті формадағы үздік ашық сабақ» байқауының нәтижелері

«Интерактивті формадағы үздік ашық сабақ» байқауының нәтижелері

Жұбанов университетінде Үздіксіз білім беру институтының Біліктілікті арттыру орталығы жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Интерактивті түрде үздік ашық сабақ» атты байқауды аяқтады.

Байқауға 6 факультеттен 16 оқытушы қатысты (физика-математика, шетел тілдер, жаратылыстану, педагогика, кәсіби-шығармашылық) факультеттері. Оның ішінде: ғылым кандидаттары – 4, PhD доктор — 2, магистр – 6; доцент -1, аға оқытушы – 6, оқытушы – 7.

Қазылар алқасының мүшелері бекітілген кестеге сәйкес 26.02.19-01.03.19 аралығында ашық сабақтарға қатысып, келесі шешім қабылдады:

Байқаудың нәтижелері

1 орын:

— Тоғайбаева А.К. — «Педагогика және психология» кафедрасының доценті.

2 орын:

— Картбаева Ж.Ж. — «Мектепке дейінгі оқыту және арнаулы білім» кафедрасының доценті;

— Кузясова А.М. — «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының аға оқытушысы.

3 орын:

— Шаңғытбаева Г.А. — «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы;

— Габдуллин А.Б. —   «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы.

Номинация бойынша жеңімпаздар:

1. «Оқытудың қолайлы жағдайларын жасау»

— Айтенова А.Т. – «Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының оқытушысы

2. «Оқу сабақтарын цифрландыру сауаттылығы»

— Агишева А.А. — «Химия және химиялық технология»  кафедрасының аға оқытушысы

3. «Студенттердің топтық жұмысын тиімді ұйымдастыру»

— Сагиева Г. Б. — «Физика» кафедрасының оқытушысы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, байқауға қатысушылар сертификаттармен марапатталды. «Интерактивті түрде үздік ашық сабақ» байқауы туралы ереженің 2.10 пунктіне сәйкес рейтингісіне балдың 50 ұпайымен, ал байқауға қатысқан үшін 30 балдық ұпаймен есептеледі.