Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Гранттық қаржыландыру конкурсы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Гранттық қаржыландыру конкурсы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2017 жылдың 6 қыркүйек күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Бірінші проректоры Қуанышбек Шүңкеев, Ғылым және инновация жөніндегі проректор Рахым Бекназаров және ф.-м.ғ.к., аға оқытушы Александра Барминаның қатысуымен университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына Ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттама мазмұны толық түсіндіріліп, гранттың ұсынысын толтыру әдістемесі көрсетілді.

Басқосуда 2017 жылдың 15 тамызында жарияланған гранттық қаржыландыру конкурсының мерзімі 29 қыркүйек айына дейін ұзартылғандығынан хабардар етіліп, қатысушыларға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  2017 жылғы 16 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға конкурс бойынша құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы ақпарат берілді.

Гранттық қаржыландыру конкурсы жөнінде ақпаратты www.edu.gov.kz сайтынан көре аласыздар.