Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Хабарландырулар > Жұбанов университеті «Абай-Верн» шәкіртақылық бағдарламасына қатысуға шақырады.

Жұбанов университеті «Абай-Верн» шәкіртақылық бағдарламасына қатысуға шақырады.

«Абай-Верн» бағдарламасы — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Францияның Еуропа және
Сыртқы істер министрлігінің бірлескен бағдарламасы. Бағдарламаға магистранттар мен докторанттар қатыса алады.
Магистратура бағдарламасы бойынша шәкіртақы алуға конкурсқа қатысу шарттары:
• Қазақстан Республикасы азаматтығы;
• жас шамасы шектеусіз;
• Францияда 1 немесе 2 жыл магистратура бағдарламасы бойынша мемлекеттік университетке қабылданғаны жөніндегі
шақыру/растау
• Осы стипендияны алу қатысу үшін конкурсқа магистр дәрежесі бар студенттер де қатыса алады.
Докторантура бағдарламасы бойынша шәкіртақы алуға конкурсқа қатысу шарттары:
• Қазақстан Республикасы азаматтығы;
• жас шамасы шектеусіз;
• Францияға доктарантура бағдарламасына мемлекеттік университетке қабылдау/шақыру
• Магистр дипломы, соның ішінде ағымдағы жылы алатындар
Шәкіртақы
Әлеуметтік қамту бойынша Француз Үкіметі шәкіртақысы келесі жеңілдіктерді ұсынады:
• Францияның мемлекеттік жоғары оқу орындарында тіркеу жарнасын төлеуден босату;
• француздық әлеуметтік сақтандырудың жалпы жүйесіне енгізу. Ұсыныс: студенттің қосымша медициналық
сақтандыруын рәсімдеу.
• ұзақ мерзімді студенттік визаның құнын төлеуден босату;
• университет жатақханасында тұрғын үйді бөлуде басымдық;
• Тұрғын жайды төлеуге көмек мақсатты түрде қамтамасыз ету, «cle» жүйесі (жалға алу кезінде кепілгер ретінде болған
франция мемлекеті әрекет етеді);
• мәдени іс-шараларға қатысу үшін жеңілдік тарифтер.
Осы білім беру шәкіртақысына қатысты француз үкіметінің басқа да шәкіртақылар бойынша бірдей ережелер
қолданылады.
90 еуро мөлшеріндегі жыл сайынғы студенттік ақыны студент өзі төлейді.Көлік шығындарын да студенттер өздері
көтереді.
Студент барлық сабаққа қатысуға міндетті, олай болмаған жағдайда шәкіртақыдан айырылады.
Уміткердің құжаттар жинағы: «Абай-Верн» бағдарламасы бойынша үміткердің құжаттар жинағы :
1. дұрыс толтырылған сауалнама (қосымшаны қараңыз);
2. түйіндеменің екі нұсқасы: біріншісі таңдалған бағдарламаға байланысты біреуі француз немесе ағылшын тілінде,
екіншісі қазақ немесе орыс тілдерінде;
3. мотивациялық хат: таңдалған бағдарламаға байланысты француз немесе ағылшын тілінде, (1 бет, тек алдыңғы жағы);
4. паспорт көшірмесі — бірінші бет;
5. университеттен немесе ғылыми-зерттеу ұйымынан алдын-ала қабылданғанын растау. Егер қабылдау рәсімі әлі
аяқталмаса, сіз өтініштің көшірмесін қоса аласыз;
6. бакалавриаттан бастап бағалар мен диплом және қосымшасының куәландырылған көшірмелері;
7. француз тілінде оқу бағдарламасын таңдаған үміткерлер үшін: B1 деңгейінен төмен емес француз тілін растайтын
сертификат (DELF, DALF, TCF). Бұл талап француз тілінде оқытылатын университеттерде оқитын тұлғаларға
қолданылмайды;
8. Ағылшын тілінде оқу бағдарламасын таңдаған үміткерлер үшін: B2 деңгейінен төмен емес (TOEIC, TOEFL, IELTS)
ағылшын деңгейін растайтын сертификат.-Бұл талап ағылшын тілінде оқытылатын университеттерде оқыған адамдарға
қолданылмайды;
9. банктік шоттың деректемелері: іріктеу процесінің нәтижелері бойынша;
10. шетелге шығу үшін: 082 / y нысанындағы медициналық анықтама, іріктеу процесінің негізінде.
Докторантураға түсетін үміткерлер қосымша ұсынады:
11. Ғылыми зерттеу жобасының қысқаша сипаттамасы (диссертацияның тіліне байланысты француз немесе ағылшын
тілдерінде 2 бет);
12. Бұрын жарияланған ғылыми жарияланымдардың немесе жұмыстардың тізімі (ағылшын немесе француз тілдерінде);
13. Ғылыми жетекшілердің ағылшын немесе француз тілдеріндегі ұсыныстары (еркін түрде).
Құжаттарды Халықаралық ынтымақтастық орталығына қажет қажет (Технопарк ғимараты, 3 қабат, 22 бөлме)