Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ұлттық ойын – тоғызқұмалақтан сайыс өтті

Ұлттық ойын – тоғызқұмалақтан сайыс өтті

Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық ойындар ұлықталды. Қаладағы жоғары оқу орындарының студенттері тоғызқұмалақтан  жарысқа қатысты. Жастар жылына арналған спорттық шараны  «Қабақ баба» қоры мен  Жұбанов университеті бірлесіп ұйымдастырды.

Сайысқа  қаладағы барлық жоғары оқу орындарынан 5 команда қатысты. Жарыстың демеушісі «Қабақ баба» қоғамдық  қоры. Қор басшысының айтуынша, ұлттық спорт түрлерін насихаттау  шараның басты мақсаты.  Тапқырлық, жүйріктік, ішкі түйсікті дамытуға ерекше ықпал ететін зияткерлік спорт түріне қызығушылық жастар арасында соңғы жылдары күрт артып отыр.

4-ші курс студенті  Азамат Қайдаров тоғызқұқмалақ ойынына  қабілеті бар. Он жылдан бері шұғылданып келеді. Өз оқу орны атынан республикалық жарыстарға қатысып, жүлдегер атанып жүр.

Спорттың зияткерлік түрі саналатын тоғызқұмалақ  көшпенділердің ежелгі  ойыны  екенін  тарихшылар да растайды.  Ақтөбелік ғалымдар қазба жұмыстары барысында тоғызқұмалақтың  белгілерін тапқан.