Среда, Май 22, 2019
Басты > БАҚ біз туралы > ҚР Вице-примьері Ақтөбенің студент жастарымен кездесті

ҚР Вице-примьері Ақтөбенің студент жастарымен кездесті

Үкімет мүшелері өңірлерді аралап жүр. Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған жұмыс тобы екі күндік қызмет бабымен Ақтөбеге келді. Делегация құрамында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов және екі министрліктің комитет төрағалары Мархабат Жайымбетов пен Қайыр Рыскелдинов бар.

Мемлекет басшысының жүктеген міндеттемелерінің өңірде жүзеге асырылуын бақылау, қордаланған мәселелердің шешілуіне атсалысу мақсатымен келген мәртебелі меймандар алдымен Халықтық кеңсенің жұмысымен танысты. Тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Мұнда бірнеше мемлекеттік орган отырады. Мемқызметтің 700 ден астам түрі көрсетіледі.

«БІРІҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ» АҚ АОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ел бойынша жоғары білім берудің стандарты әзірленуде. Оқу орындары біртіндеп Назарбаев университетінің білім беру үлгісіне көшеді. Жастар жылы аясында мемлекет 26 млрд.теңге қосымша қаражатты жастарға бағыттамақ. Ал оқу орнындағы оқытушылардың деңгейі мен жалақысы студенттердің жұмысқа тұруымен бағаланады. Бұл туралы Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова баяндады. Министрлер

Жұбанов университетіне қарасты Жастар сарайында өңіріміздің үздік студенттерімен кездесті.

Дөңгелек үстел басындағы жиын әңгімелесу форматында өтті. Студенттер өз сауалдарын жолдап, ұсыныстарын да жеткізді.

Білім алу, заман ағымына сай жаңа технологияларды меңгеру, шетел тілдерінде еркін сөйлеу. Бұл-жастарға қойылып отырған негізгі талап. Енді жоғары оқу орындарының рейтингі түлектерінің жұмыспен қамтылу деңгейіне байланысты бағаланбақ.

Министрлер «Жастар» сарайын аралады. Жаңартылған ғимаратта фортепиано, баян, домбыра кластары, Р.Жаманова атындағы хор  кабинеті, Н.Тапалова атындағы хореография залдары бар. Кино ,«Aтриум» көрме залы да осында. Бұл студенттердің сүйікті орны. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде қазір 13007 студент оқыса, оның 3222 тегін білім алуда.