Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет колледжі Амал мерекесін тойлады

Университет колледжі Амал мерекесін тойлады

«Амал» мерекесін бүгінгі таңда Қазақстанның батыс аймақтары ғана емес, еліміздің барлық аймағында да атап өтетін болды. Ұлттық мереке, дәстүр, әдет-ғұрыпқа ерекше мән беретін Жұбанов университетінің Жоғары колледжі де  ескерусіз қалдырмады.

Таңнан колледж  ұжымы бір-бірімен құшақ жая амандасып, айдан аман, жылдан есен шыққанына қуанып, ақ тілектер айтып,  ән мен күй тербелген айрықша жағдайда атап өтті.

Колледж директоры Гүлжан Үйсінбаева мерекенің маңыздылығына тоқталып өтіп, барша қауымды көктемнің шуақты да, мерейлі мерекесімен құттықтады.

«Бұл мерекеде дәстүр бойынша, ағайын әулеттің бас иесіне, ауыл-аймақ ауылдың үлкен ақсақалына, жасы кішілер үлкендерге арнайы барып, хал-жағдайларын, отбасы амандығын сұрап, қол беріп көрісіп, «бір жасымен» құттықтап, ақ баталарын алған. Қандай керемет дәстүр. Алысты жақындататын, өкпені кешіретін, татулықты арттыратын қандай тамаша мереке. Біз дәстүрімізді сақтау, Ұлыстың ұлы күнін қадірлеу арқылы ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді сақтай отырып, ұрпақтан-ұрпаққа мирас ете аламыз. Амал мерекесімен басталатын Наурыз елімізге құт-берекесімен, молшылығымен келіп, әрбір шаңыраққа қуаныш пен шаттық сыйласын. Баршаңызға дендеріңізге саулық, қызметтеріңізге мол табыс, отбасыларыңызға қуаныш пен шаттық, бақыт пен береке тілеймін!», — деді.

Жалпы, береке мен бірліктің мейрамы Көрісу күніне арналған жиында күмбірлеген күй мен әннен шашу шашылды. Бекежан Сүлейменова атындағы оқу ғимаратында асхана қызметкерлері дәмді бауырсақ таратып, ықыласқа бөленді.