Среда, Май 22, 2019
Басты > Жаңалықтар > Білім саласының басшылары бас қосты

Білім саласының басшылары бас қосты

2019 жылдың 14 наурыз күні  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемелкеттік университеті «Университет-Мектеп: өзара ынтымақтастық моделі» жобасы аясында қалалық білім бөлімімен конструктивті-кәсіби диалог өткізді.

Конструктивті-кәсіби диалогқа қала бойынша 81 мектеп директорлары мен мектепке дейінгі 19 ұйым басшылары және университеттің префессор оқытушылар құрамы «Білім» бағытындағы мамандар даярлайтын факультет декандары мен кафедра меңгерушілері қатысып білім саласындағы мәселелерді талқылады.

Университеттің оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Бибігүл Әбенова педагогикалық кадрларды дайындаудың тиімділігін арттыру, білім бағдарламаларын жетілдіру жолдары және дуалды оқыту жүйесін енгізу мәселелері бойынша университеттегі атқарылып жатырған жұмыстар туралы баяндады.

Үздіксіз білім беру институтының директоры Г.А.Такишева мектептер базасында кафедра филиалдарын құрудың маңыздылығы туралы ақпарат беріп өтті.

Оқу-әдістемелік жұмыстар және қашықтан білім беру орталығының жетекшісі Айнұр Кадиркулова : Бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелеріне талдау жасап, екі жылдың салыстырмалы көрсеткіштеріне тоқталып, университет пен білім беру мекемелері тарапынан жұмысқа орналастыруда туындайтын қарама-қайшы мәселелерді атап өтті. Болашақ түлектерді жұмысқа орналастыру жөнінде ұсыныстар беріліп, білім беру мекемелері басшыларының пікірлері тыңдалды.

№40 орта мектеп директоры Б.У.Сарин: кафедра филалының базасы ретінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ұжыммен ынтымақтастықта жұмыс атқарып отырғанын және осы кезеңде мектептен кәсіби практикадан өтіп жатқан студенттердің теориялық білімінің, қарым-қатынасқа түсе білу қабілеттерінің жоғары екенін атап өтті.

№ 30 орта мектеп директоры Ж.У.Терекова: Еңбек нарығының талаптарына сай маман даярлайтын жоғары оқу орны мен бүгінгі жұмыс берушілер арасында өткізіліп отырған конструктивті-кәсіби диалогының болашақта мамандар сапалы жұмыс орнымен қамтамасыз етілуі үшін өзекті тақырып екеніне тоқталып, университет ұжымы мен білім беру мекемелері басшыларына сәттілік тіледі.

Ұсыныс:

Мектеп оқушылары ата-аналарымен бірге бейіндік пәнді таңдаған кезде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтармен байланыста таңдалса;

Педагогикалық кадрлар тапшылығын шешудің тиімді жолдары бойынша қалалық білім бөлімінің басшысы С.С.Сүлейменов болашақта атқарылар жұмыстар, мектеп директорларына алдағы 5 жылға қажетті кадрлар бойынша талдау жасау керектігін ерекше атап өтті. Оқушыларға кәсіби бағдар берудің маңыздылығын ескере отыра сұранысқа ие мамандықтарға бағыттауды екі жақты жүргізуді ұсынды.

Кәсіби бағдар беру бөлімінің басшысы Ж.Ж.Идиева университетте кәсіби бағдар беру жұмыстары қай бағытта жүргізіліп жатырғандығын баяндап өтті.

Конструктивті-кәсіби диалог барысында қалалық білім беру мекемелері басшылары төмендегідей сұрақтар мен университет профессор оқытушылар құрамының талқыланды:

Университет-мектептің өзара байланысының маңыздылығы, «Білікті маман-сапалы білім кепілі» қағидасын бірлесіп жүзеге асыруда қандай ортақ іс-шаралар ұйымдастыруға болатындығы. Сонымен қатар болашақ педагог мамандарының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға қандай ұсынастарыңыз бар деген сауалға, №17 ОМ директоры А.И.Унгарбаев «Күнделік» жүйесін түлектер зерделеп келсе» деген, № 69 ОМ директоры А.А.Абжалелова «Педагог мамандыққа  шығармашылық емтихан тапсырылса, практика мерзімін 1 курстан бастаса» деген ұсыныстар мектеп директорлары тарапынан ұсынылды.

Конструктивті – кәсіби диалог соңында  «Университет-Мектеп: өзара ынтымақтастық моделі» жобасы аясында  екіжақты келісімшартқа қол қойылып, жоба бойынша алдағы уақыттарда жоғары курс студенттерін тағылымдамадан өткізіп, мектеп мұғалімдерін «Шақырылған спикер» бойынша дәріс оқуға тарту, кафедра филиалдарының қала мектептері базаларында құру бойынша жұмыстарды жандандыру мәселелері жолға қойылды.

Бұл кездесу жаңа бағыттың бастамасы болды.

Үздіксіз білім беру институты