Понедельник, Сентябрь 23, 2019
Басты > Жаңалықтар > Екіжақты келісім – нәтижелі істерге ұмтылдырады

Екіжақты келісім – нәтижелі істерге ұмтылдырады

Жұбанов университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков пен Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов  арасында өзара ынтымақтастық туралы екіжақты келісімге қол қойды.

Кездесудің мақсаты — облыс әкімінің 09.04.2018ж. Бұйрығымен бекітілген дене шынықтыру және спорт саласын дамытудың  2025 жылға дейінгі шаралар жоспарында белгіленген басымдықтарды жүзеге асыру .

Қос тарап білім беру сапасын және студенттердің дене шынықтыру және спортты дамыту деңгейін арттыру бағытында ұйымдардың қызметін одан әрі жетілдіру мәселесін жүзеге асыру туралы келісімге келді.

Басқосу барысында университет ректоры Бауыржан Ердембеков өңірдегі спорт басқармасымен ынтымақтастық орнату университет үшін маңызды рөл атқаратынын атап өтті. «Менің ойымша, спортты дамыту бойынша бірлескен жұмыс жақында оң нәтиже беретініне сенемін», — деді ректор.

Жиында барысында университет басшысы спорт саласында жоғары жетістіктерге жеткен  студенттердің жаттықтырушыларына алғыс хаттар табыс етті.

Университеттің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі Төлеген Ботағариев «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының қызметі туралы баяндады. «Бүгінгі таңда мамандық бойынша 47 студент  әлем чемпионатының жүлдегерлері. Олардың ішінде 8-і әлем чемпиондары, 4-і Азия чемпиондары, 12-і халықаралық турнирлердің жүлдегерлері, 16-ы Қазақстан Республикасының чемпиондары, 9-ы облыс чемпиондары», — деді, кафедра меңгерушісі. Сонымен қатар ол «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша «Спорт жаттықтырушысы», «Адаптивтік дене шынықтыру» траекториясын ашу жоспарда бар екенін жеткізіп, 2018 жылдан бастап «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша магистратура ашылғандығын тілге тиек етті.

Жиынға   университет  түлектері, Азия, Әлем чемпионы, олимпиада ойындарының қатысушысы, Бокстан олимпиада резервін даярлайтын балалар-жасөспірімдер облыстық мамандандырылған спорт мектебінің  Галиб Джафаров, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақ күресінен аға жаттықтырушы  Бақтыбай Қисықов сияқты белді спортшылар қатысты.

Жиынға қатысқан спорт ардагері Зейнолла Төлеутаев атақты спортшылар мен демеушілерге  талантты спортшыларды қолдауға ұсыныс жасады. Шара барысында жүзу бойынша спорт шебері, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3-курс студенті Глеб Ковалени жас спортшыларды қолдауға көмек көрсеткен университет басшылығы мен оқытушыларына алғысын білдірді. Спортшылардың кездесуі өзекті мәселелерді талқылаумен аяқталды.