Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Түлектер қауымдастығының кезекті кездесуі

Түлектер қауымдастығының кезекті кездесуі

Түлектері қауымдастығы аясында университет түлегі, белгілі саясаттанушы, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы Карин Ерлан Тынымбайұлымен кездесу өтті.

Жастар сарайында өткен жиынға университет студенттері, филологтар, тарихшылар және БАҚ өкілдері қатысты.

Жұбанов университетінің  ректоры  Бауыржан Ердембеков алдымен университет түлегін Жастар сарайының материалдық-техникалық базасымен таныстырды.

«Әр жоғары оқу орнының атқарып жатқан жұмысының айқын көрсеткіші – ол түлектері. Түлектерінің жеткен жетістігі. Сол тұрғыдан алып қарағанда, біздің университет өз түлектерімен мақтана алады. Олар өздерінің жеткен жетістігімен университетімізді ғана емес, бүкіл елімізді әлемге танытып жүр», — деді ректор.

­Өз кезегінде Ерлан Тынымбайұлы  университеттің бүгінгі таңда барлық саладағы дамуына көңілі толғандығын білдірді.
«Мен бұл өзім бітірген киелі ордамнан өмірлік ұстаным, мол тәлім-тәрбие, шексіз білім алдым. Мен  үшін бұл  университет әрдайым ыстық. Университет түлегі ретінде студенттермен кездесуге арнайы шақырғандарыңыз  үшін алғыс айтамын», — деді Ерлан Қарин.

Жиында университет түлегі студенттік күндерінің ұмытылмастай ерекше болғанын, әрбір өткен қызықты шақ мәңгі есте сақталатындығын жеткізді.

Кездесу барысында студенттер әлеуметтік желілердің жастарға әсері, бұқаралық ақпарат құралдарының және ғаламтордың тиімділігі туралы сұрақтары сында басқа да сауалдарын қойып, саясаттанушының болашақ жоспарларына қызығушылық танытты.

Кездесу соңында Бауыржан Аманкелдіұлы   басқарма төрағасына   айтқан өрелі де, ойлы әңгімесі үшін алғысын білдіріп, болашақта  студенттерге дәріс оқуға шақырды.