Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жастар жылында жаңғырған Жастар сарайы

Жастар жылында жаңғырған Жастар сарайы

Он төртінші наурыз Амал мерекесі ретінде қарсаңында Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова,  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев  және облыс әкімі Оңдасын Оразалин, қала әкімі Ілияс Испанов Жұбанов университетінің Жастар сарайында болды.

Елбасының «Жастар жылында»  жаңғырған Жастар сарайында қонақтар   «Zhubanov Cinema» кинозалымен, «Aтриум» көрме залымен танысып,  Грек графикалық суретшісі Янис Кириакидистің,  поляк суретшісі Казимеж Бабкеевичтің, итальяндық суретші Луиджи Казалиноның картиналары көрмесін аралады.

Айта кетейік, жаңарған нысанда «Мәгілік Ел» конференция залы, Халық әртісі Роза Жаманова атындағы хор өнері кабинеті, Қазақтан шыққан тұңғыш балерина Нұрсұлу Тапалова атындағы хореография залы, фортепиано класы, мультимедиялық кабинеті, музыкалық өнер әдістемесі, баян классы және домбыра сыныбы кабинеттері бар.