Среда, Октябрь 18, 2017
Басты > Жаңалықтар және оқиғалар > Ғылымдағы мол байлыққа қол жеткізу үшін латын әліпбиін меңгеру қажет — Сабыржан Мұхтаров

Ғылымдағы мол байлыққа қол жеткізу үшін латын әліпбиін меңгеру қажет — Сабыржан Мұхтаров

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат — Латын әліпбиіне көшу бір күнде қабылданған шешім емес. Қоғам, мемлекет, халықтың дайындығы бар. Біз білім, ғылымдағы мол байлыққа қол жеткізу үшін латын графикасын меңгеруіміз керек. Бұл туралы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, кәсіби шығармашылық факультетінің деканы Сабыржан Мұхтар айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Латын әліпбиіне көшу бір күнде қабылданған шешім емес. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы халыққа арнаған Жолдауында бұл туралы айтып, содан бері қоғам қайраткерлері мен белсенділер, ғалымдар мен зерттеушілер түрлі жиын, кездесулер өткізді. Қоғамдық талқылаулар жүрді. Әлі де пікірталас болып жатыр. Бір анығы — латын әліпбиіне көшу мол байлықтың кілті. Неге? Өйткені әлемдік ақпараттың негізі латын графикасында болып отыр. Бұл еліміздің дамуына, алға басуына кепілдік беретін қадам»,- деді Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, кәсіби шығармашылық факультетінің деканы Сабыржан Мұхтар.

Латын әліпбиіне көшу кезінде түрлі қиындықтар мен кедергілер кезігеді. Біздегі міндет — алға ұмтылу, бар қиындықты жеңу.

«Кез келген бастаманың өз проблемасы бар. Мәселен, үй салу қажет. Оны салу үшін де іргетасын құйып, қабырғасын қалау күш, жігерді талап етеді. Біз қиындықтан қашпай, жеңуді үйренуіміз керек. Бәрі өз қолымызда. Латын әліпбиіне көшу — қажеттілік, дамуымыздың кепілі. Тарихқа келсек, 1928 жылдан 1940 жылға дейін латын әліпбиін пайдаландық. Демек бұл қазақ халқының бірінші рет қолға алған ісі емес. Сонымен қатар, қазіргі кезде халықтың латын әріпбиіне көшуге дайындығы бар. Мініп жүрген көлік, тағып жүрген сағат, түрлі тұрмыстық техника, компьютерлердің бәрінде латын графикасымен жазылған таңбалар бар. Сол арқылы бүкіл халықтың көзі үйренді. Белгілі бір дәрежеде халықтың сауаты ашылып, әріптерді таныды. Әсіресе, ағылшын тілін оқып жүрген жастардың мүмкіндігі мол. Қоғамның, мемлекеттік, халықтың дайындығы бар, алда үлкен жұмысты бірге атқарамыз»,- деді филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сабыржан Мұхтаров.

Автор: Алтынай Сағындықова

источник

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *