Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Білім > Білім сапасын арттыру – басты мақсат

Білім сапасын арттыру – басты мақсат

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Білімнің салтанат құруы» атты бөлімінде «Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деген болатын.

Қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі басты мәселелердің бірі- педагогикалық кадр дайындау сапасын көтеру, оның тиімді жолдарын қарастыру. Осы мәселе төңірегінде 2017 жылдың 12 қыркүйегінде университетішілік семинар өтті. Семинар барысында білім сапасын көтеру бағдарламасын жүзеге асыру, педагогикалық кадрларды даярлаудағы проблемаларды шешу тетіктерін анықтау, ішкі сапаны көтеру, әдістемелік қауымдастық құру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар «Қосымша білім беру» орталығының жетекшісі, п.ғ.к., доцент А.Кенжеғұлова «Болашақ мұғалімдердің функционалдық сауаттылықтары мен кәсіби біліктіліктерін қалыптастыру бойынша ішкі сапаны қамтамасыз ету тетіктерінің жүйесін құру туралы (білім беру желілеріне бірігу)» баяндама жасады.

Семинарға «Білім» бағытындағы факультеттердің әдіскерлері, оқу ісі жөніндегі проректор, т.ғ.к, профессор Б.С.Әбенова, оқу-әдістемелік бөлім басшылары, әдіскерлері және «Үздіксіз білім беру институты» директоры, п.ғ.к., доцент Г.А.Такишева мен «Қосымша білім беру» орталығының әдіскерлері қатысты.

Нәтижесінде семинарға қатысушылар Әдістемелік қауымдастықта жұмыс жасауға бірауыздан келісіп, 2017-2018 оқу жылының жоспарларын талқылады.