Четверг, Март 28, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Тарих толқынындағы тұлға

Тарих толқынындағы тұлға

Сондай-ақ осы білім ордасында «Елбасының тарихи рөлі» деген атаумен дөңгелек үстел өтті. Оқытушылар қауымы қатысқан жиында Ұлт көшбасшысының егемен елдің іргесін қалауда оң істері мен тарихи шешімдерін талқылады. Жиналғандар тәуелсіз еліміздің дамуы,оның әлем алдындағы беделінің өсуі Елбасы бастаған қазақ халқының қажырлы еңбегі екенін айтты. Біздің еліміз өз тәуелсіздік ғасырының бестен бірін толтырды. Бұл мерзім тарихи тұрғыдан алып қарағанда да көп уақыт емес. Бірақ осы бір қысқа мерзімге қарамастан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық-әлеуметтік және саяси қиыншылықтарды еңсере білген қазақ жұрты әлем мойындаған мемлекеттер қатарына қосылды.

Осылай деген оқытуышлар ең бастысы Тұңғыш Президентіміз өз бағдарламалары арқылы тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық идеяның негізін қалап берді,-дейді.