Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Хабарландыру!

Хабарландыру!

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, шетел тілдері факультеті «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қазақстандағы жастар жылына орай 2019 жылдың 12 сәуірінде «Ел болашағы —  жастар» қалалық пікірсайыс турнирі өткізіледі.

Пікірсайыс міндеттері:

1.Елбасымыз ұсынған білім беру саласындағы үш тілділікті қолдай отырып, дамуына өз үлесімізді қосу;

2.Егеменді еліміздің белсенді жастарының Қазақ мемлекеттілігі, тәуелсіздік құндылықтары мен Елбасымыз ұсынған жолдауын  облысымыздың студенттері арасында кеңінен насихаттау;

3.Студенттер қатарынан шешендік шеберлігі бар, өзінің көзқарасын,  өз командасының мүддесін сауатты әрі нақты қорғай алатын студент – жастардың біліктілігін арттыру;

4.Студенттер арасында рухани-адамгершілікті, дұрыс азаматтық позицияны қалыптастыру;

5.Ораторлық, ұйымдастырушылық және критикалық ойлауды дамыта отырып, еліне елеулі қызмет ететін болашақ лидерлерді дайындау;

Пікірсайыс турнирі  АҒЫЛШЫН тілдерінде өтеді.

Пікірсайыс турниріне қатысу үшін өтініш 2019 жылдың 30 наурызына дейін мына мекен-жайға жіберуге болады: 030000, Ақтөбе қ., Гришин көшесі, 7«а», Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, шетел тілдері факультеті, 514-кабинет.

Электронды пошта:  akmaral171081@bk.ru «Дебаты» тақырыбын белгілеу қажет

Пікірсайыс турниріне қатысу талаптары:

  1. Жалпы тақырып: «Ел болашағы-жастар»;
  2. Пікірсайыс тілі – ағылшын
  3. Турнирге пікірсайыс қозғалысында тәжірибесі бар, форматты толық меңгерген кез келген ЖОО және АОО студенті мен мектеп оқушылары қатыса алады
  4. Ойындар БПФ (Британдық парламент форматы) и ЛД (Линкольн-Дуглас) форматтарында өтеді;
  5. Турнир үш іріктеу раундында өтеді, ¼ ширек, ½ финал, Финал;
  6. Жеңімпаздар, үздік спикерлер мен турнирдің төрешілері дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады;
  7. Қазылар алқасының шешімі бойынша келесі жүлделер анықталады:

 Турнир тақырыптары (резолюциялар)

Тақырыптар турнирге 15минут қалғанда беріледі;

Өту реті

— Ағымдағы жылдың 6 сәуір күні сағат 9-00 де басталады.;

— Ойынға тіркелу 09:30-ға  дейін жалғасады;

— Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ,шетел тілдері факультеті, Н.Байғанин ат. Ғимарат, Гришин ат. көш., 7А

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 030000, Ақтөбе қ., Гришин көшесі, 7«а», Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, шетел тілдері факультеті,514-кабинет. Өтініш жинақтауға  жауапты тұлғалар және байланыс телефондары: ағылшын және неміс тілдері кафедрасы, Усенова Сауле Галымгереевна (87776613454), Оразова Акмарал Абдоллаевна (87059700760)

Пікірсайыс турниріне қатысуға

1 Қатысышылар тегі, аты, әкесінің аты  
2 Телефон (жұмыс, ұялы)  
3 Е-mail  
4 Оқу орнының атауы  
5 Курс, сынып  
6 Техникалық құралдар қажеттілігі  

Ақпараттық хат дебат 2019 (1)

Инфо письмо дебаты 2019 (1)