Пятница, Ноябрь 22, 2019
Басты > Хабарландырулар > Профессор Сейілбек Исаевқа арналған конференция өтеді

Профессор Сейілбек Исаевқа арналған конференция өтеді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті оқушылар, студенттер, магистранттар,ізденушілер!

Көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сейілбек Мұхамеджарұлы Исаевқа арналған дәстүрлі  «Исаев оқулары» Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде көшпелі негізде өтеді.

2018 жылдың  19 сәуірде  факультетте дәстүрлі өтеді.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары (секциялар):

·        Қазақ тіл білімі мен түркітану мәселелері.

·        Қазақ әдебиеті  мен әдеби тіл мәселелері

·        Әлем тілдері мен  әдебиеті.

·        Педагогика, тіл мен әдебиетті оқыту мәселелері.

 

Конференция материалдары мақалалар жинағы түрінде жарық көреді. Барлық мақалалар 10 сәуірге дейін қабылданады. Мақала соңында  қазақ немесе орыс тілдерінде аннотация беріледі. Конференцияға келіп түскен материалдар  комиссияның қарауына беріліп, қорытындысы шығарылып, үздік мақала иелері марапатталады.   Конференцияға қатысу жарнасы – 2000 теңге.

Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар: көлемі 5 беттен аспауы тиіс, редакторы – WORD, кегль 14. Мәтіндер TIMES NEW ROMAN  қарпімен жазылуы қажет, файлдық форматы — RTF.  Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшаның ішінде), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Мақала тақырыбы ортаға кіші әріппен, жартылай жуан шрифтпен (кегль 14) жазылады; төменірек оң жақта автордың аты-жөні, жартылай жуан шрифтпен (кегль 14), ғылыми атағы пен дәрежесі, астына курсивпен жұмыс орны, қала көрсетіледі (кегль 12). Парақ параметрлері: үстіңгісі мен астыңғысы – 20 мм, сол жақ – 30 мм, оң жақ – 15 мм. Жол аралығы – 1,0 интервал.

Мақалалар мына мекен-жайда қабылданады:

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Гришин  көшесі, 7А,  413-кабинет, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Теориялық және қолданбалы тіл білімі  кафедрасы

Жауапты қабылдаушылар:

Мұратбек Бағила Құрманбекқызы, ұялы тел.: 87019330713

Бекниязова Динара Дастанқызы, ұялы тел.: 87053804035

Эл. пошта:  e-mail:   baglash@mail.ru, margulan0112@mail.ru