Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Тхэквондодан шеберлік сағаты ұйымдастырылды

Тхэквондодан шеберлік сағаты ұйымдастырылды

Жұбанов университетінде профессор Төлеген Ботағариевтің жетекшілігімен «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы тхэквондо бойынша семинар өткізді.

Шараның мақсаты — Корей тілі орталығы мен университеттің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы арасындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруда Оңтүстік Кореядан келген жаттықтырушылардан тәжірибе жинақтау.

Шеберлік сағаты барысында кафедра меңгерушісі, профессор Төлеген Ботағариев және Корей тілдері орталығының жетекшісі Сон Си Мьен сөз сөйлеп, ынтымақтастық аясында шаралардың жалғасатынын жеткізді. Сондай-ақ, семинар барысында жаттықтырушы Бу Чангкиюн тхэквондо спортшыларымен шеберлік сағатын өткізді.

«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы