Среда, Январь 22, 2020
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов Университеті студенттері Орынбор қаласындағы ІІ Халықаралық жазғы мектепке қатысуда

Жұбанов Университеті студенттері Орынбор қаласындағы ІІ Халықаралық жазғы мектепке қатысуда

2017 жылдың 11 қыркүйегінде Орынбор мемлекеттік университетінде (РФ, Оренбург қ.) шетелдік студенттерге арналған ІІ Халықаралық жазғы мектеп жұмысын бастады. Аталмыш халықаралық деңгейдегі мектепке Жапония және Германия студенттерімен бірге университетіміздің студенттері де қатысуда.

Алдағы аптада кең көлемде білім беру бағдарламасы жоспарланған. Күн сайын қатысушыларға Орынбор университеті оқытушылары әртүрлі пәндерден ағылшын тілінде дәріс өткізеді. Сондай-ақ, орыс тілінен де сабақтар жүргізіледі. Сонымен қатар ауқымды мәдени бағдарлама ұйымдастырылған. Қонақтар Соль-Илецк қаласына саяхат жасап, казак халқының мәдениеті туралы таныстырылымдарды тамашалап, дәстүрлі орыс тағамдарынан дәм тататын болады.

Шетелдік студенттерге арналған ІІ Халықаралық жазғы мектеп 2017 жылдың 18 қыркүйегіне дейін жалғасады. Университетіміздің студенттеріне шығармашылық табыс тілейміз!