Бүгін Жұбанов университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков «Үздік студент» медалін салтанатты түрде Экономика және құқық факультетінің 4-курс студенті Әлихан Кенжеғалиевке табыстады.
Бүгінгі күні E-League жобасы бүкіл университеттің деңгейінде жұмыс істейтін жоба. Университеттің тарихында тұңғыш рет өткен кіші футбол лигасына факультеттер мен магистранттар командасынан жиналды.
Университеттің Экономика және құқық факультетінің базасында өткен ойынның 4-турында командалар жарысқа түсті.
Кіші футбол лигасы студенттер арасында спорттық шеберлікті арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Университет студенті Алиханды жеткен жетістігімен құттықтап, ойыншыларға сәттілік тілейміз!